• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
11 Маусым, 2019

11-13 маусымға арналған ауа райы болжамы

1813 рет
көрсетілді

Қазгидромет маусым айының 11-13 күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Қазақстанның батыс облыстарынан басқа өңірлерде тоқтаусыз жауған жауын, биіктіктегі барикалық жырамен байланысты, сол арқылы Баренц теңізі мен Солтүстік Оралдан тропосфералық салқын және ылғал ауа келуде. Алдағы үш тәулікте республикаға салқын және ылғал ауаның кезекті келуімен өзгерістер күтілмейді. Бұрынғыдай өңіріміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы, найзағаймен өткінші жаңбыр, республиканың таулы аймақтары мен тау бөктерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 3…5°С төмен сақталады. Тек батыс және оңтүстік-батыста жоғарғы атмосфералық қысымның әсерінен жауын-шашынсыз және ыстық ауа райы күтіледі, күндіз ауа температурасы 30…38°С дейін жоғарылайды.