• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Сайлау 11 Маусым, 2019

Халықаралық талапқа сай

660 рет
көрсетілді

Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Чжан Сиюнь 9 маусым күні елімізде өткен Президент сайлауына қатысты өз пікірін білдірді.

«Орталық сайлау комиссия­сының шақыруымен Қазақстан Президентін сайлауға байқаушы ретінде қатыстық. Біз сайлауға дейінгі дайындық жұмыстарынан бастап, сайлау барысындағы әр сәтті жіті бақыладық. Нақ­тырақ айт­сақ, Қытай Халық Респуб­ли­ка­сының делегациясы сайлау күні №121, №110, №140, №159, №58, №59 учаскелеріндегі жұ­мыс барысын бақылады. Аталған учас­келерде ешқандай да заңға қай­шы әрекеттер тіркелген жоқ», деді Чжан Сиюнь баспасөз мәсли­хатында.

Оның айтуынша, Президент сайлауы халықаралық стандарт­тарға сай өткен.

«Біз сайлау барысындағы әр дауыс берушіге берілген бюл­летеньдерді беру жұмысынан бастап, сайлаудан кейінгі дауыс­тарды есептеу сәтіндегі жұмыс­тарға дейін қадағаладық. Бар­лық учас­келерде сайлау барысы ашық әрі демократиялы түрде өтті. Аталған Президент сайлауы Қазақ­­стан заңына сәйкес және ха­лық­­аралық тәртіпке сай өткенін атап өткім келеді. Ешқандай да бұр­ма­лаушылық тіркелген жоқ. Сон­дай-ақ БАҚ өкілдері сайлау ба­ры­сында бел­сенді түрде ақпа­рат таратты», деді Чжан Сиюнь.

Жиын соңында ол Қытай бай­қау­­шы­ларының атынан Қазақ­стан­ның Орталық сайлау комис­сиясына және Қазақстанның Сырт­қы істер министрлігіне  алғыс білдірді.