Бейсенбі, 7 наурыз 2013 7:41
Венесуэланың Вице-президенті Николас Мадуро ұлтқа телеүндеуінде ел Президенті Уго Чавестің рак ауруынан қайтыс болғанын хабарлады. Мадуро, сондай-ақ, Чавестің сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 16 сағат 25 минутта көз жұмғанын жария етті. Бұдан бірнеше сағат бұрын Венесуэла басшылығы президенттің денсаулығы «жаңа ауыр инфекциядан» айтарлықтай нашарлап кеткенін мойындаған болатын.

Желтоқсан айының ортасында Чавес қатерлі ісікті сылып тастау бойынша Гаванада төртінші мәрте ота үстеліне жатуға мәжбүр болған еді. Кейін оның ауруы асқынуына байланысты ұзақ уақыт бойы Куба астанасында қалуына тура келгені, Венесуэлаға тек ақпан айының ортасында ғана оралғаны белгілі болды. Сырқатына байланысты Чавес өзінің инаугурациясына да қатыса алмады.Тағы бір айта кететін жайт – соңғы отасынан соң Чавес бірде-бір мәрте ел алдында, сондай-ақ, теледидардан көрінген жоқ. Венесуэла басшылығы бар болғаны оның отадан кейінгі суреттерін көрсетумен шектелді. Бұл жайт ел президенті төңірегінде түрлі өсек-аяң туындауына себеп болды. Ресми мәлімет Чавес сырқатынан айығып келе жатыр десе, жұртшылық оның жағдайы аса ауыр екен деген сөздерге ерік берді.Чавестің қатерлі ісік ауруына ұшырағаны 2011 жылдың басында белгілі болған-тын. Содан кейін оған Кубада екі мәрте – 2011 жылдың басында және 2012 жылдың алғашқы жартысында оталар жасалды. Сондай-ақ, ол химиялық терапияның бірнеше курсынан өтті. Сырқатына қарамастан, Чавес өткен жылдың қазан айында кезекті рет президенттік сайлауда жеңіске жеткен еді.59 жастағы Чавес 1999 жылдан бері Венесуэланың президенті болатын.