• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Президент 12 Маусым, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев: Сот жүйесіне өзгеріс енгізу керек

747 рет
көрсетілді

Бұл туралы жаңа сайланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде айтты.

«Үшінші бағыт - сот жүйесіне өзгеріс енгізу. Халық сот жүйесіне сену керек», деді Қ.Тоқаев.

Еске сала кетейік, ұлықтау рәсімін Конституциялық Кеңес Төрағасы Қайрат Мәми бастады. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент қызметіне Конституцияның 42-бабына сәйкес Қазақстан халқына ант бергеннен кейін кірісетінін хабарлады. 

Бұдан соң, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға қолын қойып, ант берді. Ант беру салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерінің, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Ант берілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Президент куәлігін табыстады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кірісті.