• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Спорт 12 Маусым, 2019

Алматыда бокстан студенттер арасында жарыс өтуде

512 рет
көрсетілді

Алматыда бокстан Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековті еске түсіруге арналған және Қазақтың Спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Зәкіряновтың жүлдесі үшін халықаралық турнир басталды.

– Студенттер арасындағы айтулы жарыс биыл 19 мәрте ұйымдастырылып отыр. Оның деңгейі жылдан жылға артып келеді. Бұл күндері ел мақтанышына айналған саңлақтарымыздың талайы кезінде дәл осы турнирде күш сынасып, үлкен тәжірибе мектебінен өтті. Солардың қатарында Бақтияр Артаев, Бақыт Сәрсекбаев, Жәнібек Әлімханұлы, Әбілхан Аманқұл және тағы басқа мықтылар бар. Қазір де біраз танымал боксшылар  Алматы рингінде күш сынасуға бел буып отыр. Оларға да біз жоғарыда есімдері аталған алдыңғы буын ағаларының жолын берсін деп тілейміз, – дейді Қазақтың Спорт және туризм академиясындағы бокс және ауыр атлетика кафедрасының меңгеруішісі Тайыржан Ысқақов.

Жарыстың ашылу салтанатына Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов, бокс ардагерлері – Болат Сағындықов, Серік Әбденәлиев, Борис Цхвирашвили, Эдуард Габдулов, Хамит Бараев, Дастан Сәдуақасов қатысып, қатысушыларға ақ жол тіледі.