Президент ресми түрде өз қызметіне кірісті. Оны халық болып сайладық, халықтың 77%-ы сайлауға келді. Басым көпшілігі Қасым-Жомарт Кемелұлына дауыс берді. Елімізге ең алдымен бірлік пен ынтымақ тілеймін! Басымыздан бақ таймасын! Еліміздің дамуы одан әрі қарыштай берсін. Бейбіт аспан астында ғана дами аламыз. Барлығымыздың негізі мақсатымыз – даму. Дамысақ, барлығы жақсы болады. Балаларымыз жақсы мемлекетте өмір сүреді. Ол үшін әрбір қазақ еліне жаны ашып, гүлденуі үшін еңбек етуі керек. «Ауыл» партиясының өкіліне 200 мыңнан астам халық дауыс берген. Әр дауысқа ризамыз. Әлбетте көбірек болса деген тілегіміз бар. Өйткені ауыл барлығымыз үшін де қасиетті. Ауылдың жағдайы жақсы болса, мемлекеттің жағдайы да жаман болмайды. Алда әлі Парламент сайлауы бар. Оған дейін халыққа ауылдың бағасын түсіндіре аламыз деген ой бар. Амандық болса алдағы сайлауда бізді қолдайтын жақтаушыларымыз көп болады деп сенемін. Қазіргі жеңіс – халқымыздың жеңісі. Ол – жастар мен болашақтың жеңісі.
Әли БЕКТАЕВ,
Парламент Сенатының депутаты