• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Маусым, 2019

Қызылордада ана мен бала өлімі айтарлықтай төмендеді

869 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында соңғы жылдары өлім-жітім көрсеткіштері мың адамға шаққанда 5,44-ге жеткен. Яғни, 1,8%-ке төмендеген. Қан айналым жүйесінен өлім-жітім көрсеткіші 10,4%-ке төмендегені көңіл қуантады.

Сол сияқты қатерлі ісіктерден болатын өлім жітім 0,9%-ке, құрт ауруымен сырқаттанушылық көрсеткіші 9,2% төмендеген

Ана мен бала денсаулығын қорғау мәселесінде де жақсы көрсеткіштер бар. Ана өлімін болдыртпау бойынша жүйелі шаралар жалғасып келеді. Бүгінде 75 млн теңгенің медициналық құрал-жабдықтары алынып, нәтижесінде ана мен бала денсаулығын қорғауға арналған медициналық ұйымдардың құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуі 77%-дан 85%-ға дейін жеткізілді. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын босанғаннан кейінгі оңалту бөлімшесі 2016 жылы ашылып, жұмыс жасап жатыр.

2017 жылдан бастап пилоттық режимде, ал 2018 жылдан бастап барлық жүкті әйелдер мен балаларға арналған патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап-прогрессивті моделі енгізіліп, жұмыс істейді.

Қызылорда облысы