• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Маусым, 2019

Жаңа құрамдағы алғашқы басқосуын өткізді

361 рет
көрсетілді

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде министрліктің қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің жаңа құрамдағы бірін­ші отырысы өтті. Отырыс барысында Парламент Мәжілісі Халық­аралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Ерман Қоғамдық кеңестің төрағасы болып сайланды.

Кеңес отырысына қатысқан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсі­мінде сөйлеген сөзінде мемле­кеттік саясатты іске асырудағы қоғам­ның рөлін арттырудың маңызын ерекше атап өт­кеніне баса назар аударды.

«Мемлекет азаматтық қоғам­ды дамытуға зор көңіл бөле­тін болады. Сондықтан біз үшін Кеңес мүшелерінің аса өзек­ті мәселелерді талқылауға бел­сенді атсалысып, Сыртқы іс­тер министрлігі қабылдайтын ше­шім­дерге сараптамалық баға беруі өте маңызды», деді министр.

Отырыс күн тәртібіне сәйкес Сырт­қы істер министрінің орын­басары Ермек Көшербаев шетел­дік инвестициялар тарту және қазақстандық тауарлардың экспортын ілгерілету салаларындағы министрлік қызметінің жаңа басымдықтары жөнінде баяндама жасады.

Баяндамада 2018 жылы тар­­­тылған инвестициялар бо­йын­­ша көрсеткіштер туралы толық ақпарат ұсынылды. Атап айтқанда, тікелей шетелдік ин­вес­тициялардың жалпы ағыны 15,8%-ға өсіп, 24,3 млрд АҚШ долларын құрады. 2019 жылғы қаңтар-сәуір айлары аралығында негізгі капиталға бағытталған ин­вес­тиция көлемі 6,7%-ға өсіп, 2,9 трлн теңгеге жетті. Олар­дың ішін­де сыртқы инвес­ти­ция­лар не­гізгі капиталға құйылған инвес­ти­­циялар жалпы көлемінің 36%-ын (1,05 трлн теңге) құрайды.

Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыс жөнін­де айта келе, Е.Көшербаев сырт­қы саяси ведомствоның инвес­торлардың ақпараттық-консуль­тациялық көмекке ғана емес, сон­дай-ақ мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ететін және жобаларды бастапқы кезең­нен толық іске асыруға дейін сүйемелдеудің бірыңғай алаңы болатын фронт-кеңселер құру бойынша жұмыс жүргізіп жат­қан­ын атап өтті.

Министрдің орынбасары Қазақ­станның шетелдердегі ме­ке­мелері инвестициялар тарту жүйесін жетілдіру жөнін­дегі дамыған елдер­дің үздік тә­жі­рибелерін және ЭЫДҰ ұсы­нымдарын ескере отырып, жаңа тәсілдерді анықтау бағы­тында шетелде бірқатар іс-шаралар жүргізіп жатқанын да тілге тиек етті.

Сыртқы істер министрлігінің сыртқы экспортты жылжытудағы рөліне қатысты Е.Көшербаев ведомство жанында құрылған пра­ктикалық шараларды әзір­леуге және жедел түрде ақ­парат алмасуға бағытталған шикізат­тық емес экспортты жылжыту мәселелері бойынша арнайы ведомствоаралық жұмыс тобы қызмет ететінін айтты.

Азаматтық қоғам тарапынан шетелдік инвестицияларды тарту туралы «Қазақстанның интернет ассоциациясы» ЗТҰ президенті Шавкат Сабиров баяндама жасады. Сарапшы өз баяндамасында Қазақстандағы экспорттық ресімдеуге назар аударып, оларды жеңілдетуге қатысты бірқатар ұсыныс жасады.

Бұдан әрі Сыртқы істер ми­нистрінің орынбасары Роман Василенконың «Қазақстан Рес­пуб­ликасы сыртқы сая­сатының жаңа тұжырымдамасы» атты тақырыптағы баяндамасы тың­далды. Ол отырысқа қатысу­шы­ларға құжаттың жаңа редакциясы бойынша жүргізілген жұмыс жөнінде айтып берді.

Министрдің орынбасары Қазақ­станның алдағы уақыт­та да әлем­нің барлық мемлекет­тері­мен тең әріп­тестік қарым-қатынас­тар­ды да­мы­туға бағытталған сыртқы сая­­си бағыт жүргізетінін атап өтті. Бұл тезис Қазақстан През­и­дент­­і Қ.Тоқаевтың Қазақ­стан­ның Тұңғыш Прези­д­енті – Ел­басы Нұрсұлтан Назар­баев бас­тап берген конс­трук­­тив­ті, теңдесті­рілген, көпвек­торлы сырт­қы саяси бағытты жал­ғас­тырады деп айтқан позициясымен толық үйлеседі.

«Тұжырымдаманың маз­мұнында Елбасы мен Мемлекет басшысының сыртқы саясаттың экономикалық бағытын күшей­ту жөніндегі тапсырмалары ес­керілген. Онда цифрлы трансформация, «жасыл технология­ларды» дамыту, «жұмсақ күш­ті» кеңінен қолдану сияқты жа­һан­дық трендтер көрініс тапты. Құжатқа халықаралық қаты­нас­тардың бітімгершілік және ме­диа­тор­лық сияқты жаңа нысандар енгізілген», деді Р.Василенко.

Министр орынбасарының айтуынша, мүдделі органдармен келісілгеннен кейін мәтін көпшіліктің талқылауына салу мақсатында СІМ веб-сайтына орналастырылған.

Пікірталас барысында Кеңес мүшелері инвестициялық ахуалды жақсарту, шетелдік капитал­ды тартудағы министрлік жұ­мы­сын жандандыру жөнінде бір­­қатар ұсыныс айтып, сырт­қы саясаттың жаңа тұжы­рымда­масы­ның жобасына қа­тысты конструктивті талқылау жүргізді.

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы 2019 жылдың күзіне жоспарланған.