Президент Қасым-Жомарт Тоқаев xалықтың 70%-дан астам дауысын жинап, жеңіске жеткендігіне қатысты жаңалықты естуіме орай шын жүректен қуанышымды білдіремін.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз еркімен өкілеттігін тоқтатқан соң, Конституцияға сәйкес Президент лауазымына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.
Ақпарат көздеріне сәйкес, дауыс көрсеткішінің 70%-дан асуы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жүргізіп келген саясатының жоғары бағалануымен байланысты.
Қ.Тоқаев өз кезегінде осы саяси бағытты одан әрі жалғастырамын деген мақсатпен сайлауға түсті. Енді Қазақстан әлемдегі өзінің орнын сақтап қана қоймай, нығайта түседі деп нық сеніммен айтуға болады.
Такео КАВАМУРА,
Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы, Өкілдер Палатасының депутаты
Қазақстан Республикасының Президенті,
Жоғары мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға!
Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына сайлануыңызбен риясыз құттықтауымды қабыл алыңыз.
Екі елді биыл дипломатиялық қатынастардың орнағанына 27 жыл және стратегиялық әріптестік туралы шартқа қол қойылғанына 10 жыл толатын берік қатынастар біріктіреді.
Біздің бірлескен күш-жігеріміз тең құқықты және өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттарына негізделген қазақстандық достық пен стратегиялық әріптестік қарым-қатынастарымыз алдағы уақытта екіжақты негізде де, көпжақты байланыстар платформасында да нығая түсіп, дами беретініне сенімдімін.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жоғары мәртебелі Президент, Сізге мықты денсаулық пен амандық, әдемі және қонақжай еліңізге бейбітшілік пен өсіп-өркендеу тілеймін.
Этторе РОЗАТО,
Италия Республикасы Парламенті
Депутаттар Палатасының вице-президенті
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Сізді Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануыңызбен ерекше ыстық және шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз.
Сіздің сайлаудағы айқын жеңісіңіз Қазақстан халқының түрлі мемлекеттік лауазымдардағы қызметіңізге биік баға бергенін, жоғары саяси беделге ие екеніңізді және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық аренадағы ел позициясын нығайтуға бағытталған бағытын кеңінен қолдағанын көрсетеді.
Сіздің орасан зор саяси тәжірибеңіз бен қазақстандықтардың әл-ауқатына деген шынайы қамқорлығыңыз жаңа жасампаз күш-жігермен аса маңызды сыртқы саяси және әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге мүмкіндік беретініне сенімдімін.
Сондай-ақ Қазақстан мен Чехия арасындағы саяси байланыстардың жоғары деңгейі мен динамикасын қолдаудың маңыздылығын атап өткім келеді. Екі ел арасындағы өзара тиімді байланыстардың қарыштап дамуы екіжақты ынтымақтастықты барлық бағыт бойынша одан әрі нығайтуға қызмет етеді деп санаймын.
Сізге еліңіздің және Қазақстан халқының игілігі жолында жаңа табыстар мен жетістіктер тілеймін.
Войтех ФИЛИП,
Чехия Парламенті Депутаттар Палатасы
төрағасының орынбасары –
«Чехия-Қазақстан» парламентаралық
достық тобының тең төрағасы
Құрметті Президент мырза!
Польша Республикасының Сейм депутаты, Польша-Қазақстан парламенттік тобының және шетел мәселелері жөніндегі комитеттің мүшесі ретінде Сізді Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің президенттік басқару кезіңізде Қазақстан халқының әл-ауқаты артып, еліңіздің қарқынды дамитынына сенім білдіремін.
Жыл сайын поляк және қазақ халқы арасындағы ынтымақтастық нығаюда. Екі ел арасындағы саяси және дипломатиялық ынтымақтастық артып, сауда-саттық байланыс қарқын алуда. Қазақстандықтар Польшада, сондай-ақ Қазақстандағы поляктар Сіздердің елдеріңізде құрмет пен сүйіспеншілікке ие. Мен Сіздің президенттік қызметіңізді атқару барысында поляк-қазақ арасындағы қарым-қатынастардың нығая түсеріне, саяси, сондай-ақ маңызды экономикалық және мәдени деңгейде одан әрі жанданатынына еш күмән келтірмеймін.
Құрметті Президент мырза, сайлаудағы жеңісіңізбен шын жүректен құттықтай отырып, менің терең құрметімді қабылдауыңызды өтінемін.
Томаш ЛЕНЦ,
Польша Республикасының Сейм депутаты
Қазақстанда 2019 жылғы 9 маусымда өткен президенттік сайлаудан Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңіп шығатынын алдын ала білдік. Қ.Тоқаевтың білімі мен біліктілігі, диломатиялық, парламенттік жұмыс өтілі, сондай-ақ аймақтық және халықаралық деңгейде көрнекті тұлға ретінде танымалдылығы, көптеген мәселелерді шешу бойынша жинаған тәжірибесі оның Президент ретінде еліне аянбай қызмет етуіне мүмкіндік береді.
Ол – әлемдегі ең танымал саясаткерлердің бірі, аймақтық және халықаралық бейбітшілік бастамалардың авторы болып табылатын Н.Назарбаевтың саяси-экономикалық бағытын жалғастыруы халықтың қолдауын иеленіп, сайлауда жеңіп шығуына кепіл болды.
Абдессалам ӘЛ-ХАДРАУИ,
Мысыр Парламентінің депутаты, «Хиуар» стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы