• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 15 Маусым, 2019

АӨСШК аясында ұжымдық қауіпсіздік жүйесі құрылуы мүмкін – Қазақстан Президенті

863 рет
көрсетілді

Бұл туралы Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев Душанбеде өтіп жатқан АӨСШК-нің бесінші саммитінде айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың инклюзивті дамудың жаһандық архитектурасын қалыптастыру жөніндегі «Үш диалог» туралы бастамасының өзектілігін атап өтті. Мемлекет басшысы бұл идеяның құрамдас бөлігі Еуразия ауқымындағы өзара іс-қимылдардың жоспарын жасау үшін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының, содан кейін Азия мен Еуропадағы басқа да өңірлік әрі көпжақты институттардың әлеуеттерінің синергиясын қамтамасыз ету болып саналатынын айтты.

– Даулы проблемалар мен қарама-қайшылықтарды басталған сәтінде шешу үшін конструктивті келіссөздерді қамтамасыз ету – күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі. Сондықтан, жақын арада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес аясында халықаралық медиацияны жүзеге асыратын толыққанды ұжымдық қауіпсіздік жүйесі құрылуы әбден мүмкін, – деді Қазақстан Президенті.

Айта кетейік, бүгін Душанбеде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңестің бесінші саммиті өтіп жатыр. Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.

Сондай-ақ бұл ауқымды шараға оннан астам  елдің Президенті мен Үкімет басшылары келді. АӨСШК құрамында 27 мүше-мемлекет: Ауғанстан, Әзербайжан, Бангладеш, Бахрейн, БАӘ, Вьетнам, Израиль, Иордания, Ирак, Иран, Қазақстан, Камбоджа, Катар, Қырғызстан, Қытай, Мысыр, Моңғолия, Палестина, Пәкістан, Корея Республикасы, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Үндістан, Шри-Ланка бар. Сондай-ақ АӨСШК-ні шақыру туралы идея бірқатар мемлекеттерден және БҰҰ, ЕҚЫҰ, АМЛ (Араб мемлекеттері лигасы), ТүркПА, Халықаралық көші-қон ұйымы сияқты халықаралық ұйымдардан қолдау тапты.