Президенттік сайлауда айқын басымдықпен жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Кемелұлы халықтың әл-ауқатын жақсартуға, экономикалық өсімге, сондай-ақ әрі қарайғы саяси қайта жаңғыртулар мен Қазақстан қоғамын топтастыруға бағытталған стратегиялық жолды жалғастыратынына сенімдімін. Оның басшылығымен Қазақстан аймақ пен бүкіл әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуді мұрат тұтатын жаһандық бастамаларды ілгерілете отырып, сыртқы саясатта да белсенді жұмысын жалғастыратын болады. Сондай-ақ жаңа Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси бағытының сабақтастығын қамтамасыз ететініне де шүбә келтірмеймін.
Әзербайжан мен Қазақстан алдағы кезеңдерде бауырластық өзара қарым-қатынасы мен стратегиялық серіктестігін де өрістете түседі. Дана да бауырлас Қазақстан халқы ел басшысын сайлауда дұрыс таңдау жасады деп санаймын.
Эльман НАСИРОВ, Милли Меджлис депутаты (Әзербайжан)