Бұл туралы Science журналында жарияланды. Қан топтарының әрқайсысы қызыл қан жасушаларының қабығындағы қант молекулаларының белгілі мөлшеріне қарай ерекшеленеді. Ал бірінші топтағы қанды барлық адамға құюға болады. Ғалымдар екінші қан тобын әмбебап қанға айналдыру үшін оның антиденелерін алып тастауы қажет болды. Мамандар төрт жылға созылған сынақтардың нәтижесінде екі фермент шығаратын микроағзаларды ойлап тапты. Бұл микроағзалар адам ішегінен екінші қан тобын әмбебап қан тобына айналдырады және екінші қан тобынан «артықша» қант молекулаларын алып тастайды.
Сандуғаш МАРАЛБАЙ,
ЕҰУ студенті