• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 17 Маусым, 2019

Мәжіліс депутаттары Сауда және интеграция министрінің кандидатурасын келісті

403 рет
көрсетілді

Бүгін Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысы өтіп, депутаттар Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындау үшін Бақыт Сұлтановтың кандидатурасын келісті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің бапасөз қызметі хабарлады.

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Комитет отырысында қаралды.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша кандидатты Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырып, Бақыт Сұлтановтың мол тәжірибесі мен қажетті басқару қабілеттеріне ие екенін атап өтті.

Талқылаулардан кейін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынылған Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановтың кандидатурасы келісіліп, Комитеттің қорытындысы қабылданды.