18 маусымда Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Нұр-Сұлтан қаласында да сол күні найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Сондай-ақ, бұршақ жаууы мүмкін.
Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылады:
- мұқият болыңыз, ауа-райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалаңыз;
- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, ЭЖЖ және сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;
- жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз;
Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз!