• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Маусым, 2019

Қостанай облысында тағы бір тестілеу орталығы ашылады

283 рет
көрсетілді

Облыстық мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамасымен Арқалық қаласында тағы бір тестілеу орталығы ашылатын болады. Бұл жөнінде департамент басшысы Салауат Мүксімов Қостанай облысы әкімінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында айтты.

 «Жыл сайын үміткерлердің тең жартысы ғана тестілеуден керекті балды жинай алады. Мысалы, былтыр 2 642 адам тестілеуге қатысса, соның 1450, яғни 55 проценті шектік көрсеткішті көрсете алды. Бұл тестілеу сатылары көптеген қызметшілер үшін кедергі, жергілікті жерлердегі мемлекеттік органдар үшін мамандар жетіспеуінің себебіне айналғанын білдіреді. Сондықтан осы мәселелердің шешімі табу мақсатында Агенттіктің келісімін ала отырып, облыс әкімімен бірлесіп, Арқалық қаласынан тестілеу орталығын ашуды жөн көрдік» деді Салауат Сыйлыбайұлы.

Арқалық қаласындағы тестілеу орталығы үш өңірді, яғни Торғай өңіріндегі Амангелді, Жангелдин, Арқалық қаласының төңірегімен қатар, Ақмола облысының Арқалықпен шектес Есіл, Державин, Жақсы аудандарын, Қарағанды облысының Ұлытау адуданын қамтитын болады, сол өңірдегі мемлекеттік қызметшілер  алыстан арбаламай, жақын жерде тестілеуден өтетін болады. Қазір орталық залы орналасатын ғимаратта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.