• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 18 Маусым, 2019

Петропавл әскери институтын 217 түлек бітірді

477 рет
көрсетілді

Ұлттық Ұлан Петропавл әскери институты өзінің 18-ші түлектерін ұшырды.

Салтанатты шараға  Ұлттық Ұлан бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтар мәселелер жөніндегі орынбасары, генерал-майор Мұхамедқали Сатов, облыс әкімі Құмар Ақсақалов,соғыс ардагері Степан Баширов қатысып,  жас лейтенанттарға ақ жол тіледі.Мемлекеттік емтихандарын сәтті тапсырған 217 түлекке әскери біліктіліктерін растайтын халықаралық дипломдар салтанатты түрде табыс етілді.

«Сіздер енді кең байтақ еліміздің әскери бөлімдерінде қызмет ететін боласыздар. Отанды қорғау– біздің ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан абыройлы міндет, азаматтық парыз. Алдарыңызда елдің тыныштығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жас сарбаздарды отансүйгіштікке тарту секілді абыройлы міндеттер», деді құттықтау сөзінде Құмар Іргебайұлы.Әскери институт бастығы, генерал-майор Бауыржан Әбжановқа философия ғылымдарының докторы ғылыми атағы берілді.Жыл өткен сайын әскери институтта оқуға тілек білдірушілер қатары артып келеді. Биылғы оқу жылына 613 мектеп түлегі құжат тапсырыпты. 2015 жылы қабылданған курсанттар арасында Қырғыз елінің 5, Тәжікстан Республикасының 10 азаматы бар.Еркежан Толыбаев мектеп қабырғасында жүргенде әскери қызметкер болуды армандаған екен. Нұр-Сұлтан қаласындағы № 5573 әскери бөліміне жолдама алыпты.  Ата-аналар да қуанышты. Солардың бірі Гүлзағира Шыныбекова Түркістан облысынан арнайы келіпті. Өзгелер секілді ол да  еліміздің тыныштығын, жастардың Отанға  қалтқысыз қызмет етуін тілейді.

Барабаншылар мен оркестрдің, карабиншілердің өнері, қоштасу вальсі көпшіліктің қошеметіне бөленді. 

Солтүстік Қазақстан облысы.