• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2019

Илон Маск Twitter-дегі аккаунтын өшірді

532 рет
көрсетілді

Space X және Tesla Motors компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Twitter әлеуметтік желісіндегі аккаунтын өшіргенін хабарлады.

«Мен еш себепсіз аккаунтымды өшірдім» деп жазды Илон Маск.

Илон Масктың аккаунты 2009 жылы ашылған. Миллионердің 27 миллионнан астам оқырманы бар.

Айта кетейік, ол қазір аккаунтты толық жоймай, тек қана аккаунтының атын Daddy DotCom деп ауыстырған. Ол өз шешімін 30 күн ішінде өзгертпесе, аккаунт әлеуметтік желіден біржола жойылады.

Самал АСҚАР, 

ЕҰУ студенті