1995-2001 жылдар аралығында мен Женевада орналасқан Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясында (БҰҰ ЕЭК) ТМД инфрақұрылымы жөніндегі топ төрағасының орынбасары болып жұмыс істедім. БҰҰ қабырғасында Қасым-Жомарт Тоқаевпен Сыртқы істер министрі, содан кейін Премьер-Министр лауазымдарын атқарғанда кездестім. Қазақстан халқының талантты, білімді және еңбекқор көшбасшыны таңдағанына күмәнім жоқ.
Ол – Қазақстандағы экономикалық даму қарқынын жеделдетуді қамтамасыз ететін парасатты тұлға. Мен оның басшылығымен Қазақстан тұрақты, өзіне сенімді және жас дарындардың өсіп-өркендеуіне мүмкіндік беретін, сондай-ақ экономикалық дамудың өрлеуі байқалатын дамушы ел болатынына сенемін. Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның Президент лауазымына өте лайықты тұлға екені даусыз.
Питер ЭРЛ,
Independent Power Corporation компаниясының бас директоры (Ұлыбритания)