• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Маусым, 2019

Үздіктер Алматыда бас қосады

302 рет
көрсетілді

Шілде айының 6-7 күндері Алматыда жеңіл атлетикадан XXIX Ғұсман Қосанов мемориалы өтеді. Ха­лық­аралық турнир Азия құрлығындағы үздік жарыстар тізімінде.

Қосанов мемориалы жыл сайын Алматы­ның Орталық стадионында өтеді. Ол Халықаралық жеңіл атлетика федерацияла­ры қауымдастығы (IAAF) мен Азия жеңіл атле­тика қауымдастығының (AAA) күнтіз­бесіне енген турнир екенін айта кетейік.

XXIX Қосанов мемориалы Токио Олимпиадасы мен Дохада өтетін әлем чемпионатына ұпай тарататын лицензиялық турнир саналады. Биылғы додаға Еуропаның екі дүркін чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, ресейлік Дарья Клишина қатысады деп күтілуде. Былтыр мемориалға әлемнің 10 мемлекетінен 260 спортшы қатысқан болатын. Әр жылдары бұл турнирде Олимпиада чемпиондары Виталий Савин, Ольга Шишигина, Ольга Рыпакова, сондай-ақ Олимпия ойындарының жүлдегерлері Григорий Егоров, Дмитрий Карповтар же­ңіске жеткен.