Алматының «Қайрат» футзал клубы биылғы Еурокубок маусымынан кейін жаңартылған клубтар арасындағы рейтингте бірінші орынға көтерілді.
Қазақстан командасы биылғы Чемпиондар лигасының Төрттік финалының аяғына дейін жетіп, рейтингте ұзақ уақыт көш бастап тұрған Испанияның «Интер» командасын басып озды. Ал Мадрид командасы Алматыда өткен бәсекенің екі матчында да сәтсіз өнер көрсеткен соң, рейтингте екінші орынға түсіп қалды. Үздік үштікті Төрттік финалдың биылғы жеңімпазы «Спортинг» қорытындылап тұр.
Сондай-ақ Еуропаның үздік 100 клубының қатарында қазақстандық тағы екі клуб бар. Қарағандының «Тұлпар» клубы 54-ші орында тұрса, «Ақтөбе» 80-ші сатыға жайғасқан.