• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Маусым, 2019

Келесі кезеңге шықты

347 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Ұлыбританияның Бирмин­гем қаласында өтіп жатқан теннистен WTA турнирінің екінші кезеңіне жолдама алды. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 1 млн АҚШ доллары.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Юлия Путинцева аталған турнирдің алғашқы айналымында рейтингте 157-сатыда тұрған жергілікті теннисші Хэрриет Дартпен кездесті. 1 сағат 21 минутқа созыл­ған бәсекеде отандасымыз 6:1, 6:4 есебімен еш қиындықсыз жеңіске жетті.  Ю.Путинцева турнирдің екінші кезеңінде әлемнің бірінші ракеткасы саналатын жапониялық Наоми Осакамен күш сынасады. Осака алғашқы айналымда рейтингте 33-орында тұрған Грекия спортшысы Мария Саккариден 6:1, 4:6, 6:3 басым түсті.  Айта кетейік, былтырғы Бирмингем турнирінде чехиялық ару Петра Квитова жеңімпаз атанған-ды.