• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Экология 20 Маусым, 2019

Еліміздегі ақбөкендер саны 350 мыңға жуықтады

986 рет
көрсетілді

2019 жылы аэрофототүсірілім нәтижелері бойынша Қазақстанда ақбөкендердің жалпы саны 334,4 мыңды құрайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің Facebook парақшасына жазды.
«Оның 111 500-і  бетпақдала, 217 мыңы oрал және 5900-ы киік үстірт популяциясынан шыққан. Өткен жылы осы кезеңде киіктердің саны 215 мыңды (55,5%)  құраған еді», деп жазды Сәкен Ділдахмет.