• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 20 Маусым, 2019

Маңғыстауда еңбек дауларын шешу барысындағы өзекті мәселелер талқыланды

502 рет
көрсетілді

Маңғыстауда Кәсіподақ үйінде «Еңбек дауларын шешу барысындағы өзекті мәселелер» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

 Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының судьясы Гүлажар Бақытжанова және аудандық соттардың судьялары, Маңғыстау облысының Кәсіподақтар орталығының төрағасы Киікбай Жаулин, еңбек инспекциясы басқармасы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өңірлік филиалы, мекеме өкілдері, медиаторлар қатысты.

-Дөңгелек үстел барысында спикерлер еңбек дауларын шешу барысындағы сот тәжірибесі, келісу комиссиясында өтінішті қарау кезіндегі өзекті мәселелер, корпоративтік дауларды қарау барысындағы сот практикасы, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезіндегі туындайтын сұрақтар тақырыбында баяндамалар оқыды. Сондай-ақ, іс-шарада орта және шағын  кәсіпкерлерге қатысты еңбек даулары, жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру, тәртіптік жазаны қолдану, еңбек даулары бойынша татуласу процедуралары туралы құнды ақпараттар талқыға салды, дейді Маңғыстау облыстық сотының баспасөз маманы Нұршат Өтеулиева.

Дөңгелек үстелде сөз алған Ақтау қаласының №2 сотының судьясы Канзиба Рысқалиева  Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексіндегі татуластыру рәсімдеріне тоқталып, өңір бойынша талап қоюшылар көп жағдайда бұрынғы жұмысына қайта орналастыру, бос жүрген күндеріне еңбекақы өндіру, жұмыс берушінің еңбек ету кезінде келтірген моральдық және материалдық зиянына өтемақы өндіру туралы талаптармен жүгінетіндігін атап өтті.

         Одан әрі медиатор Муса Нұржанов  өңірдегі Кәсіподақтар үйінде татуластыру орталығы мен медиация кабинеті жұмыс жасайтындығына тоқталып, іс жүзінде еңбек даулары тараптар тарапынан келіссөздер арқылы, еңбек дауын шешу комитетіне, сотқа жүгіну арқылы және т.б. жолдармен шешілуі мүмкін екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, ол еңбек дауларына қатысты медиация рәсімі ұжымдағы психологиялық шиеленісті, қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жанжал мен қақтығыс күшеюін азайтатынын, компанияның беделін сақтауға мүмкіндік беретінін, ұжым және кәсіпорынның дауларын реттеу рәсімдерінің шығындарын азайтатындығына тоқталды.

         Дөңгелек үстел соңында қатысушылар ұсыныстарын ортаға салып, ой-пікірлерімен бөлісті.