• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Маусым, 2019

Шекарашылар оқ-дәрімен және қанжарлармен өтпек болған адамдарды ұстады

850 рет
көрсетілді

Бүгін, сағат түнгі 1-лер шамасында Орал шекара отрядының «Сырым-авто» бөлімшесінде Ресейден Қазақстанға қарай Мемлекеттік шекарадан өзінен бір жас кіші, туған інісінің төлқұжатымен өтпек болған 22 жастағы жас жігіт ұсталды. Бұл туралы ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Атыраудан Қашағанға әуежайдан № 005 әуе рейсімен ұшпақшы болып тұрған 32 жастағы қазақстандықты шекара наряды тікұшақ терминалынан ұстады. Бұл жігіт сапарға басқа ешнәрсе емес, бір қалта есірткі алып шығыпты. Шекарашылар оның шалбарының қалтасынан 100 граммға жуық «марихуана» есірткісін тауып алды. Ұсталған азамат Атырау әуежайының желілік полиция бөліміне тапсырылды.

Павлодар шекара отрядының «Үрлітөбе-авто» бөлімшесінде шекарашылар «Лада» жекеменшік автокөлігімен Ресейге кетіп бара жатқан 25 жастағы қазақстандықты ұстады. Ұстауға себеп болған - оның көлігінен табылған 25 дана 12 калибрлы мылтыққа арналған оқ-дәрі.

Қордай шекара отрядының «Ауқатты» бөлімшесінде Қырғызстаннан қайтып келе жатқан 49 жастағы қазақстандықтың Вольво жүк көлігінен шекарашылар 3 дана, ұзындығы 30 см-ға жуық аңшы пышақтарын тауып алып, Қордай аудандық полиция бөліміне тапсырды.