• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 21 Маусым, 2019

Стратегиялық мәселелер талқыланды

597 рет
көрсетілді

2019 жылғы 20 маусымда Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Кеден қызметтері басшылары кеңесінің 69-ыншы отырысы өтті.
Оған Әзірбайжан, Армения, Беларусия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан кеден қызметтерінің және ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.

Отырыстың жұмысына алғаш рет Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев қатысты. 

ТМД КҚБК алаңында оған кеден саясатының негізгі аспектілері бойынша ТМД қатысушы мемлекеттердің кеден қызметтерінің практикалық өзара іс-қимылын үйлестіру бойынша жүктелген міндеттері сәтті шешілуде. Өтіп жатқан отырыста бірқатар мәселелер талқыланды және шешімдер қабылданды.

 1994 жылғы 15 сәуірдегі Кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың күшіне енуі туралы шешімге қол қою негізгі мәселелердің біріне айналды. Жинақталған тәжірибені, жаңартылып жатқан кеден заңнамасын және Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуын есепке ала отырып, өзара іс-қимылдың қолданыстағы тәртібін қайта қарау қажеттігі туындады.

Сондай-ақ отырыс барысында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің кеден органдарының көліктік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттарда кеден органдарының мөрлері мен мөртабандарын қою тәртібі туралы келісім жобасы мақұлданды.

Теміржол көлігімен өткізілетін тауарларға кедендік бақылауды және кедендік операцияларды (кедендік ресімдеу) жүргізу кезінде ТМД қатысушы мемлекеттердің кеден органдары мен теміржол тасымалдаушыларының өзара іс-қимыл типтік технологиясы бекітілді.

Соңында тараптар ынтымақтастықтың стратегиялық маңызды мәселелерін талқылау және шешу үшін тұрақты кездесулерді осындай форматта өткізудің және тығыз өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің біріккен алқасының 31-ші отырысы өтті.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті осы отырыстардың тұрақты қатысушысы болып табылады. Қазақстандық делегацияны Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы басқарды.

Кеңесте қолданыстағы кедендік заңнаманы жетілдіруге бағытталған бірқатар өзекті мәселелері қаралды.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтері басшыларымен екіжақты кездесулердің шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тауарлар транзитінің бірыңғай жүйесін құру және басқа да көптеген мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, Бішкекке сапары барысында Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік салық қызметі басшылығымен салықтық әкімшілендіру мәселелері бойынша екіжақты кездесу өтті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыруға және нығайтуға дайын екендігі айтылды.