• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Саясат 21 Маусым, 2019

Коалиция өкілдері үндеу жариялады

383 рет
көрсетілді

Қызылордалық коалиция өкілдері ел Президентінің халық мүдессі үшін алға қойып отырған міндеттерін бірігіп жүзеге асыруға қолдау білдіріп, Сыр халқына үндеу жариялады деп хабарлайды «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Достық үйінде өткен жиында облыстық коалиция мүшелігіндегі саяси партиялар жетекшілері мен белсенділері, ҮЕҰ мен қоғамдық бірлестіктер басшылары қатысты.

Жиынды ашқан «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова қазіргі таңда Қазақстан дамудың жаңа дәуіріне қадам басқанын айттып, ұлықтау рәсімінде Мемлекет басшысы атап көрсеткен билік пен қоғамның алдында тұрған ең негізгі мақсаттарға тоқталып өтті.

- Президент ұлықтау рәсімінде халықтың әл-ауқатын арттырып, экономикалық және саяси жүйеміздің дамуына тың серпін беретін нақты бағыттарды атап көрсетті. Олар: халықтың табысын арттыру, сыбайлас жемқорлықты жою, сот және құқық қорғау жүйесін реформалау, жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғын үй мәселесін шешу, әділетті әлеуметтік саясат, өңірлерді дамытудың жаңа бағдары, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жалғастыру, жауапты сыртқы саясат, жастарға жан-жақты қолдау көрсету. Бұл Президентің Сабақтастықты, Әділдікті және Өрлеуді мақсат еткен сайлауалды бағдарламасында да айқын көрсетілген. Біз міндетті түрде бұл мақсатқа жетеміз. Басты міндетіміз – Елбасы стратегиясын бірігіп жүзеге асыру! – деді Ақмарал Әлназарова.

Жиын барысында коалиция мүшелігіндегі саяси партиялар жетекшілері мен белсенділері, ҮЕҰ мен қоғамдық бірлестіктер басшылары да өз ой пікірлерін ортаға салды.

Іс-шара соңында колаиция өкілдері сырбойылқтарды ынтымаққа, бірлікке және қазақстандық даму жолының басты құндылықтары – қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен төзімділікті сақтауға, барлық қоғамдық-саяси күштерді сайлаудан кейінгі кезеңде еліміздің стратегиялық мақсаттары жолында бірігуге, Қазақстан Президентінің ел дамуының өзекті мәселелеріне қатысты билік пен азаматтық қоғам арасында тұрақты және конструктивті диалог құру бастамасын қолдауға шақырған Үндеу қабылданды.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ