• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Маусым, 2019

Еліміздің бірнеше аймағында 43 градусқа дейін күн ысиды

445 рет
көрсетілді

Қазақстанның батыс аймағында ауа температурасы жоғары көтеріледі. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

«23-24 маусымда Атырау, Манғыстау, Актөбе облыстарының кей жерлерінде, 24 маусымда Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық 40-43 градус күтіледі.

Сондай-ақ 22 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с.

Нұр-Сұлтан қ: таңертең және күндіз 22 маусымда найзағай күтіледі. Күндіз солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.

22 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 18 м/с күтіледі. Түнде кей жерлердінде тұман күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%» деп жазылған хабаралмада.