• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Маусым, 2019

Қалалық филиалдың төрағасы сайланды

277 рет
көрсетілді

Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев партияның Нұр-Сұлтан қалалық филиалының кезектен тыс ХXX конференциясына қатысты. Жиында филиалдың жаңа төрағасын сайлау мәселесі қаралды. Одан бөлек, қаты­сушылар Қазақстан Республикасы Президентінің сайлау­алды бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде өз ұсыныстарын білдіріп, қалалық филиалдың жұмысына қатысты басқа да мәселелерді талқылады.

Жиынның күн тәртібіне сәй­кес таяуда ғана Нұр-Сұлтан қа­ла­сының әкімі болып тағайын­дал­ған Алтай Көлгінов Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан На­зар­баевтың ұсынысымен, кон­­­­фе­ренция делегаттарының бір­­ауыз­дан мақұлдауымен пар­тия­ның елор­далық филиалы­ның төрағасы болып сайланды.

– Алтай Сейдірұлы – «Бола­шақ» бағдарламасының түлегі. Ұзақ жылдар бойы еліміздің дамуы жолында талмай еңбек етіп келе жатқан білікті маман. Бұ­ған дейін Батыс Қазақстан облы­сы­ның әкімі ретінде өңірдің өсіп-өр­кен­деуіне үлкен үлес қос­ты. Пре­зидент Әкімшілігінде де жауапты қызмет атқарып, шебер ұйымдастырушылық қабілетімен танылды. Сондықтан әріптесіміздің жаңа қызметте де биіктен көрінетініне кәміл сенеміз және сол жолда табыс тілейміз, – деді М.Әшімбаев.

Одан бөлек, Nur Otan партия­сы Төрағасының бірінші орынба­сары өткен Президент сай­лауы­ның маңызына тоқталды. Ол өз сөзінде бұл сайлаудың бұ­рын­­ғы­лардан өзгерек болғанын, Қазақ­стан халқы алғаш рет Ел­ба­сы­дан басқа кандидатқа дауыс бергенін тілге тиек етті. Сондай-ақ ол сайлауалды науқан кезінде партия тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталып, бұл істе белсенділік танытқан Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұжымына алғыс білдірді. М.Әшімбаевтың айтуынша, аталған науқан кезінде кандидаттың республикалық, аймақтық және аумақтық қо­ғамдық штабтарының мұрындық болуымен 100 мыңнан астам үгіт-насихат іс-шарасы өткі­зілген. Одан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғам­дық қа­был­дауларында 20 мың­нан астам азаматтың өтініші тыңдалып, әлеуметтік желілерде 40 мыңнан ас­там жазба жарияланған.

– Сонымен қатар біздің жақ­тастарымыз 5 миллионға жуық үгіт-насихат материалын таратып, «Есіктен – есікке» акциясы аясында 3 миллион үйді аралап шықты. TeamQazaqstan жастар қанатының мүшелері де аталған жұмыстарға белсенді қатысты. Сондықтан Елбасы ұсынған кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы­ның жеңісі заңды құбылыс және бұл жетістікте әр нұротандықтың үлесі бар, – деді М.Әшімбаев.

Сонымен қатар Nur Otan партиясы Төрағасының бірін­ші орынбасары халықтың Қасым-Жомарт Тоқаевтың сай­лауалды бағдарламасында көр­сетілген басты қағидаларды қол­дап дауыс бергеніне назар аударып, енді азаматтардың нақты нәтиже күтетінін айтты.

– Халық енді өздері жасаған таңдаудан нақты нәтиже күтеді. Тұрғындарға бос сөз бен құр уә­де қажет емес. Біздің азаматтар ең алдымен жарияланған бағ­дарламалардың жемісін, өз өмірлерінің жақсарғанын, әлеу­меттік мәселелерінің оң шешіл­генін көргісі келеді. Сондықтан біз сайлаудан кейін босаңдық танытпай, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру жолында бұ­рын­ғыдан да белсенді жұмыс іс­теуіміз керек, – деді М.Әшім­баев.

Осыған орай ол Қазақстан Пре­зиденті көрсетіп берген басым бағыттарды тиімді жүзе­ге асыруда Nur Otan пар­тия­сына үлкен жауапкершілік жүк­телетінін айтып, барша партия­лық­тарды белсенді әрекет етуге шақырды. Сондай-ақ осы ба­ғыт­та партияның Орталық аппараты, аймақтық және аумақтық фи­лиал­дарының алдында тұрған басты міндеттерді атап өтті.

– Біріншіден, сайланған Пре­­­зидентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сай­лау­ал­­ды бағдарламасын жүзеге асыруда белсенділік танытып, қоғам­дық бақылау жүргізуді күшейтуі­міз қажет. Екіншіден, «Birge» жал­пыұлттық акция­сы аясында жиналған өтініш­тер­­­ді талдап, олармен нақты жұ­­­мыс жүргізуіміз керек. Әр өті­­ніш назардан тыс қалмауы тиіс. Үшін­­шіден, партия нағыз диа­лог ала­­ңына айналуы қа­жет. Төр­­тін­­ші­ден, жастар­мен жұ­мыс­­ты одан әрі күшей­тіп, тиімді те­тік­­тер­ді іске қосуы­мыз керек. Бе­сін­­ші­ден, Елбасы­мыз­дың партия­ның ке­зекті XVIII съезін­де анық­тап берген жалпы­ұлттық жоба­лар мен партиялық жаңғыру жолын­дағы тың бастамалар әрі қа­рай жал­ғасын табуы тиіс. Міне, ал­дағы уа­қытта біздің жұмыс бағ­д­ары­­мыз осы бағытта өрбиді, – деді М.Әшімбаев.

Айта кетейік, «Birge» акция­сы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей бастамасы­мен халықпен кері байланыс орнату мақсатында қолға алын­ған жоба. Соның аясында қазақ­стан­дықтардан 540 мың ұсыныс пен тілек келіп түсті. Оның ішінде 28 мыңын Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары жолдаған.

Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қала­сының әкімі, Nur Otan партиясы қалалық филиалының төрағасы А.Көлгінов Елбасы, партия Төр­ағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және халық пен барша нұротандықтардың сенімін ақтау үшін аянбай еңбек ететінін жеткізді.

Жиын барысында С.Сей­фул­лин атындағы агротехникалық университетінің ректоры, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты Ақылбек Күрішбаев, Jas Otan жастар қанаты қалалық филиалының төрағасы Бақдәулет Жанділдаев және тағы басқа ша­һар­дың белсенді азаматтары сөз алып, күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша өз ойларын білдірді.