• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2013

Қылмысты қала

505 рет
көрсетілді

Қылмысты қала

Бейсенбі, 14 ақпан 2013 7:03

2012 жылы облыстың қадағалау органы бақылаған жайлар мен жүргізген жұмыстарды саралап, қылмыс пен заң бұзушылыққа байланысты облыс өңірінің былтырғы көрінісін көз алдымызға елестетсек, жан шошиды. Былтыр облыста 23109 қылмыс тіркелген, бұл алдыңғы 2011 жылмен салыстырғанда 50 пайызға көп деген сөз.

 

Бейсенбі, 14 ақпан 2013 7:03

2012 жылы облыстың қадағалау органы бақылаған жайлар мен жүргізген жұмыстарды саралап, қылмыс пен заң бұзушылыққа байланысты облыс өңірінің былтырғы көрінісін көз алдымызға елестетсек, жан шошиды. Былтыр облыста 23109 қылмыс тіркелген, бұл алдыңғы 2011 жылмен салыстырғанда 50 пайызға көп деген сөз.

Қостанай облысы халқының саны әлі миллионға жеткен жоқ. Бірақ өткен жылғы тіркелген қылмыстың көрсеткіші жағынан Қостанай тұрғындарының саны миллионнан асып кеткен облыс­тарды артқа тастап, төртінші орынға көтеріліп тұр. Тіпті қылмыстың индексіне қарасақ, Қостанай қаласы Астана, Алматы сияқты ірі орталықтардан кейін үшінші орынға шығыпты. Егер елімізде әр он мың тұрғынға 264 қылмыстан келсе, Қостанай қаласында көрсеткіш әр он мың тұрғынға 521-ден келеді. Бұл рес­публика бойынша қылмыстың ең жоғарғы көрсеткіштерінің бірі. Сондай-ақ, облыс орталығынан кейін Рудный қаласы, шалғайдағы Денисов, Қарасу, шекараға жақын жатқан Жітіқара, Қарабалық және Қостанайдың іргесіндегі осы аттас аудандарда қылмыс деңгейі тіптен жоғары. Бұл көрсеткіштер еліміздегі өндірісті қалалардың өзін артқа тастайды. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстың саны екі есе көбейген, әр төртінші қылмысты ішімдік ішіп, масаң қалыптағы адам жасаған, ал әр үшінші қылмыс бұрын сотталған адамдарға тиесілі. Пәтер тонау 46 пайызға өскен.

Сонымен қатар, қоғамдық орындарда азаматтардың қару қолдануының жиілеуі де алаң­датады. Ол өткен жылмен салыс­тырғанда 32 пайызға өскен. Ал анықталған коррупциялық құқық бұзушылықтың саны жөнінен де Қостанай алдына қара салмай тұр. Өткен жылы облыста сыбайлас жемқорлық сипатындағы 112 қылмыс тіркелген.

Осылайша көңіл құлазытар көрсеткіштер бола тұра облыста қылмыстың ашылуы 15 пайызға төмендеген. Енді бұған не амал бар?

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан».