«Әскери бөлімде жарылыс болды. Сағат 09.20 кезінде хабарлама түсіп, төтенше жағдай жарияланды. Жақында орналасқан барлық аудандар мен елдімекендер жұмылдырылды. Қазір оқиғаның ауқымына баға бере отырып, қаланы толығымен эвакуациялау керектігін ұқтық. Сондықтан, барлық бағыт бойынша көліктер легі өтеді. Көліктер адамдарды тиеп алып, арнайы лагерьлерге орналастыратын болады. Барлық аудан әкімдері лагерьлерді ұйымдастыруды қолға алып, келгендердің тізімін жасауы керек. Әрбір әкімге тапсырма: келгендердің бәрін үйге немесе қонақүйге орналастыру керек. Әрбір лагерьді аудан әкімдері басқарады. Қазір эвакуция мәселесі бар. Біз сонымен айналысып жатырмыз», деді Өмірзақ Шөкеев.