• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Маусым, 2019

Маңғыстаулық полицейлер оқушылар лагерьлерінде есірткіге қарсы акция өткізді

275 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы облыстық Психикалық денсаулық орталығы және Саламатты өмір салты орталығының өкілдерімен бірлесіп «Балдәурен» жазғы лагерінде нашақорлықтың алдын алу жоспары аясында облыстың барлық ауданындағы оқушылар мен жастарға «Есірткіге жол жоқ» атты акция өткізді.

Іс-шара барысында оқушыларға есірткінің түрлері мен зияны туралы айтылды, синтетикалық есірткінің жас адам ағзасына әсері және қолдану салдары туралы бейнеролик көрсетілді.

Оқушылар үшін әртүрлі викториналар, есірткінің денсаулыққа зияны туралы ең жақсы сурет және эстафеталар түрінде спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Өткізілген конкурстардың қорытындысы бойынша көзге түскен оқушылар мен командалар грамоталармен, кубоктармен және түрлі бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Іс–шара соңында жастар «Есірткіге жол жоқ» атты үндеу жариялап, бірлескен флеш-моб ұйымдастырылды.