• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
19 Ақпан, 2013

Кемшілікті ертеңге қалдырмай түзетейік

366 рет
көрсетілді

Кемшілікті ертеңге қалдырмай түзетейік

Сейсенбі, 19 ақпан 2013 7:20

«Егеменнің» 13 ақпандағы №66 санында меншікті тілші Нәзира Жәрімбетованың «Қамшының сабымен ұрмас болар… Сыбайлас жемқорлықпен күресу керек. Асыра сілтеу керек пе?» атты көлемді мақаласы көптеген оқырман ойынан дөп шыққаны сөзсіз-ақ.

Сейсенбі, 19 ақпан 2013 7:20

«Егеменнің» 13 ақпандағы №66 санында меншікті тілші Нәзира Жәрімбетованың «Қамшының сабымен ұрмас болар… Сыбайлас жемқорлықпен күресу керек. Асыра сілтеу керек пе?» атты көлемді мақаласы көптеген оқырман ойынан дөп шыққаны сөзсіз-ақ.

Мақалада айтылғандай, сыбайлас жем­қор­лықпен күресте көрер көзге асыра сілтеу, «жос­пар қуу» ара-тұра ап-айқын көрініп қа­лады. Содан келіп, түк кінәсі жоқ жандардың «ішкені ірің, жегені желім» болып жүреді. Еліміздегі бір кесір осы. «Апам да аң-таң, мен де аң-таң» дегендей, сондай жағдайды, кейде кісі күлерлік шешімдер жайында жұрт айтып та жүр. Меніңше былай, прокуратура, басқа да тиісті құрылымдар ақиқаттың ауы­лынан алшақтап кетіп жататындарын, заң­на­ма-ережелердегі піспеген тұстарды, өздері әрине, жақсы біледі. Өкі­ніш­ке қарай, соны аудандағылары облысқа, облыстағылары Астанаға айтып, арасында асыра сілтеп жіберетіндерін мойындауға бармайды. Өйткені, біріншіден, өздеріне «мынау не айтып отыр, тыныш жүре бер» деген бәле тілеп алғысы келмейді. Біраз қырсық осыдан туындайды.Иә, сыбайлас жемқорлықпен күресте қара­пайым түсінікке салған адам ұғынбайтын жайт­­­тар толып жатыр. Мұны ертеңге қалдыр­­май, тү­­­­зе­ту керек. Тиісті органдар соны шап­шаң­­­­датуы қа­жет-ақ. Бізде бір нәрсені жөнге салу жылдап кешігіп жататыны да әлеуметтің ар­­­­­­қасына аяздай батады. Қара қылды қақ жармаса, тірлігіміз жарға тіреледі. Бұл шүбәсіз.Болат ЕСҚАЛИЕВ,аудандық «Жайық таңы» газетінің редакторы.Батыс Қазақстан облысы. Ақжайық ауданы.