Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласында болған жарылыс салдарынан бүлінген ғимараттарды көрді. Ол снарядтар жарылған құрылыстарды аралады.
Президент өзінің twitter аккаунтында «Арыс қаласында жарылыс салдарын жою жөніндегі штабтың шұғыл кеңесін өткіздім. Тұрғындар орналастырылған эвакуациялық пунктке бардым. Қаланы аралап көрдім. Зардап шеккендердің бәріне көмек және қолдау көрсетіледі. Қала қалпына келтіріледі»,деп жазды.