• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Маусым, 2019

Әлкей Марғұлан мұралары

1467 рет
көрсетілді

Мемлекеттік Орталық музей қабырғасында академик Әлкей Марғұланның 115 жылдық мерейтойына орайластырылған «Дара тұлға» атты көрме ашылды. Көрерменді қазақ халқының дара перзенті Ә.Марғұланның өмір жолымен, отандық филология, археология, этнография, сәулет өнері сынды ғылымдарға қосқан үлесімен таныстыруға арналған экспозиция шілденің ортасына дейін жалғасады.

Қазақстан археологиясының қалыптасуы өмірі мен шығар­машылығы, тікелей алғанда, ұлттық археология – этнография мектептері тарихының қалып­тасу-даму үдерісінің айнасына айналған Әлкей Мар­ғұланның есімімен тығыз байланысты. Көрмеде фотосуреттер, академик Әлкей Марғұланның жеке заттары, құжаттар, марапат белгілері және ғалымның ғылыми-зерт­теу, ұйымдастырушылық қыз­­метін әрі Қазақстан архео­ло­гиясының дамуына қосқан үлесін айғақтайтын музей қо­ры­нан алынған материалдар ұсынылған.

Сондай-ақ Орталық Қазақ­стан археологиялық экспе­ди­циясының ізденістері барысын­да жиналған неолит және қола заманының артефактілерін кө­руге болады. Орталық Қазақ­стан экспедициясының соңғы жылдардағы зерттеулерімен Атасу, Ақмая, Мыржық қо­ныс­­­­­тарынан табылған заттар арқылы танысасыз. Ер­те темір ғасырының ескерт­кіш­­­­­терінен тасмола мәде­ние­­тінің артефактілері бар. Ға­лым­­ның орта ғасырлар тарихын зерттеу­дегі табыстарын Нұра өзені ма­ңындағы қорым­­дардан, Отырар төбе қала­ларындағы қазбалардан жи­налған дүниелер, орта ға­сыр­­лардағы құрылыс-сәулет өне­­­рінің ескерткіштері – түрлі ғи­мараттар макеттері аңғар­та­ды.

Көрмедегі этнографиялық материалдар терең тамырлы мәдени мұраның айғағы. Көрме экспозициясын түрлі материал­дар: қазба жұмыстарының панорамасы, жартас бетіндегі сурет­тер, археологиялық ес­керт­­кіштердің фотосуреттері, сон­­дай-ақ Әлкей Марғұлан жай­лы басқа ғалымдардың ой-тол­ғаулары толықтырған.

 

АЛМАТЫ