Президент
•
25 Маусым, 2019
Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бір күндік еңбекақысын Арыста зардап шеккендер қорына аударады
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
«Арыстағы төтенше жағдай қазақстандықтарды бейжай қалдырмады. Ел басына түскен ауыртпашылықтан ешкім шет қалған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзі жеке көмек беруді ұйғарды. Ал Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бір күндік еңбекақыларын жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету қорына аударатын болды» деп жазды Берік Уәли.