Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Арыс қаласындағы жарылыстардан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, жарақат алғандарға қолдау білдірді.
Көрші мемлекеттің басшысы кісі өлімі мен ауқымды зардап әкелген төтенше жағдайға Қырғызстан шынайы жанашырлықпен қарайтынын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке және бауырлас қырғыз халқына ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.