• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Маусым, 2019

Busworld Central Asia 2019 көрмесі заманауи көліктермен ерекшеленді

302 рет
көрсетілді

Орталық Азияның автобус көлігі жүйесін дамытуға арналған Busworld Central Asia 2019 көрме алаңында Швеция, Түркия, Қытай, т.б. әлемнің 35 елінен қала ішілік, туристік бағыттағы автобустар мен қатар қызмет көрсету, оларға қажетті құрал-жабдық кешендері сала мамандарының назарына ұсынылды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі мен «Атамекен» ҰКП, Автокөлік қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен көрме барысында қала әкімі Бауыржан Бәйбек оңтүстік астанада автокөлік санын төрт есеге дейін арттыру жоспарланып отырғандығын жеткізді. Бүгінде көлік жүйесін жетілдіруге аса назар аударып отырған қала басшылығы бұл салада халықаралық тәжірбиенің маңызды деп санайды.

Қала тұрғындарының тиісті орындарға жылдам жетуі үлкен қалалардағы маңызды мәселе. Қазіргі кезде субсидиялаудың арқасында тасымалдау жүйесі 80 пайызға жаңарып, 1300 жуық жаңа автобус сатып алынған. Жыл аяғына дейін көліктерді жаңарту жүз пайызға дейін жүзеге асатын болады.  Кейіннен қаладағы автобус парктері де жаңартылатын болады. Бұл миллиардтаған теңгелерді көлеңкеден шығару мен көлік саласындағы ашықтықты қамтамасыз етумен байланысты болып отыр.  Жақын арада қала бағыттарында Made in Almaty электробустары жүретін болады. Электробустардың үшінші буынын жанында 300 орынды автопаркі бар FalconEurobus зауытыжасап шығарған. Автобустар қозғалысын реттеу үшін диспетчерлік басқару жұмысы да күшейтіліп, тасымалдаушыларға айыппұл санкциясы салынған. Тек өткен жылдың өзінде ғана тасымалдаушылардан 560 млн теңгеден астам субсидия ұсталған.