Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Мұхтар Аюбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мұхтар Ақатұлы Аюбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды», делінген хабарламада.