• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Саясат 26 Маусым, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев «Bloomberg» халықаралық ақпарат агенттігіне сұхбат берді

354 рет
көрсетілді

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы «Ақорда» резиденциясында «Bloomberg» Халықаралық ақпарат агенттігіне сұхбат берді.Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің алдағы дамуы туралы көзқарастарымен бөлісті. Әлеуметтік, қаржы-экономикалық және инвестициялық мәселелер бойынша бірқатар сұраққа жауап берді. Сұхбаттың дені Қазақстанның сыртқы саясатына, аймақтық күн тәртібіне және АҚШ-пен екіжақты өзара іс-қимылдарға арналды», делінген хабарламада.

«Bloomberg» агенттігі - іскерлік әлемде қаржылық мәліметтер мен сараптамалық материалдарды тарату бойынша көпшілік мойындаған көшбасшы. Сұхбаттың бейнежазбасы «BloombergTelevision» телеарнасынан көрсетіледі және «Bloomberg» терминалдары арқылы да танысуға болады. Сондай-ақ, апталық аудиториясы 4 миллион болатын www.bloomberg.com сайтына да орналыстырылады.