Сәрсенбі, 20 наурыз 2013 1:39
Талдықорған қаласынан 300 шақырым қашықтықта орналасқан Балқаш ауданы балығы мен ондатрының молдығымен де ерекшеленетін өңір. Бұл күндері осы өлкені қақ жара ағып Балқаш көліне құятын Іле өзенінің жағалауында браконьерлікпен ондатр аулау науқаны қызып тұр. Полицейлер балқаштық бір тұрғынның үйінен 1300 дана ондатр терісін тауып алды. Табиғат қорғау саласы бойынша учаскелік полиция инспекторлары мен жол полициясы қызметкерлері бірлесе жүргізген рейд барысында салоны ондатр терісіне лықа толтырылған «Лексус-330» автокөлігі ұсталды.

Бұл көлік жүргізушісін Балқаш аудандық ішкі істер бөліміне апарып, жауап алу барысында ол ондатр терілерін Алматы қаласына апарып сату үшін жергілікті тұрғындардан сатып алғандығын айтқан. Осы браконьерлік әрекет бойынша ҚР ҚК 288-бабымен қылмыстық іс қозғалып, полицейлер тексерулер жүргізуде.Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,«Егемен Қазақстан».Алматы облысы.