• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 27 Маусым, 2019

Дариға Назарбаева Инго Аппемен кездесті

482 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Аустрия Федералдық Жиналысы Федералдық Кеңесінің Төрағасы Инго Аппемен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Д.Назарбаева мейманмен кездесу барысында Аустрия Қазақстанның Еуропалық Одақтағы маңызды және сенімді әріптестерінің бірі екенін атап өтіп, бұл сапар екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа қосымша серпін беретініне сенім білдірді.

Тараптар парламентаралық байланыстарды нығайтуға уағдаласты. Сенат басшысы Қазақстан мен Аустрия Парламенттерінде құрылған ынтымақтастық топтарының әлеуетін белсенді дамыту, сондай-ақ бірлескен конференциялар аясында өзара іс-қимыл қажет екенін айтты. Ол Қазақстан мен Аустрияның көлік-логистика әлеуеті жөніндегі конференция өткізуді ұсынды. Біздің елдеріміз аймақтық бизнес үшін тиімді орналасқан және логистикалық хабқа айнала алады. Қазақстан Аустрияға Орталық Азия, Қытай және ЕАЭО ауқымды нарықтарына жол ашады. «Бұл мүмкіндіктерді біздің елдеріміздің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту үшін пайдалану қажет», - деді Сенат Төрағасы.

Сенат басшысының пікірінше, ауыл шаруашылығы мен туризм ынтымақтастықтың басым салалары болып табылады. Кездесу барысында Нұр-Сұлтан мен Вена арасында тікелей әуе қатынасын ашу қажеттігі атап өтілді, ол аустриялық туристердің Қазақстанға көбірек келуіне ықпал етеді.

И.Аппе Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жоғары жетістіктеріне тоқталды және гуманитарлық ынтымақтастықты жалғастыруға, атап айтқанда, қазақстандық студенттерді Аустрияда оқытуға мүдделі екенін айтты. Сонымен қатар, 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуразия елдері төрағаларының «Үлкен Еуразия: Үнқатысу. Сенім. Әріптестік» 4-ші кеңесіне аустриялық делегацияның қатысуы да талқыланды.