Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды» делінген хабарламада.