• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Экономика 28 Маусым, 2019

Мемлекеттік кірістер комитеті: 20 мыңнан астам қазақстандықтың меншігінде 3 және одан да көп пәтері бар

524 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынында бір тұрғын үй кешенінде 65 пәтері бар. Оның меншігінде жалпы 67 пәтер бар екен. Көрсетілген тұрғын үйлерді жалға беру фактісі тексерілуде. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің Бақылау департаменті директорының м.а. Әнуар Сүлейменов мәлімдеді.

«Мемлекеттік кірістер комитеті көлеңкелі экономикаға қарсы күрес шеңберінде пәтерді заңсыз жалға берушілерді анықтау жұмыстарын жалғастыруда. Ведомство қызметкерлері әртүрлі мемлекеттік ақпараттық жүйелердің деректері мен басқа ақпарат көздерін пайдаланады. Бұл ПИК мәліметі, саналы азаматтар мен көршілерден түскен ақпарат болуы мүмкін» деді Ә.Сүлейменов.

Алдын ала жасалған қорытынды бойынша, қазіргі уақытта 3 және одан да көп пәтерге меншік құқығы бар, алайда дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген және тиісті салықтар төлемеген 20 мыңнан астам тұлға анықталған. Олардың арасында 10-нан астам пәтерге меншік құқығы бар 150 тұлға бар, бұдан басқа бір тұлғаның иелігінде бір тұрғын үй кешенінде 65 пәтері бар екен.

Жоғарыда келтірілген деректер жалға берілуіне егжей-тегжейлі талдау жүргізілетін қашықтықтан мониторинг жасау арқылы алынды.

Жалпы, 2019 жылдың 5 ай ішінде жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша дара кәсіпкер ретінде 7 403 жеке тұлға тіркелді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 22%-ға немесе 1320 жеке тұлғаға көп. Салықтық түсім сомасы 37 %-ға өсті және 7 252,1 млн. теңгені құрайды немесе 1 951,3 млн.теңгеге көп.

Сүлейменовтің айтуынша, жеке тұлғалардың да, сондай-ақ заңды тұлғалардың да дара кәсіпкер ретінде тіркелместен жылжымайтын мүлікті «жалға» беруге құқығы бар екенін атап өткен жөн.

ДК ашу үшін, жеке тұлға салық органына не болмаса e-license сайты арқылы қызметтің басталуы туралы хабарлама электронды түрде жібереді. Сондай-ақ, он күн ішінде салық режимін анықтауы қажет.

2018 жылдың басынан бастап патент негізіндегі салық режимін қолданатын ДК үшін салық мөлшерлемесі, атап айтқанда пәтерді жалға берушілер үшін 2%-дан 1% -ға дейін төмендеді. Бюджетті есептеудің мұндай схемасы жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын және табысы жылына 3 528 АЕК-тен аспайтын жеке тұлғалар үшін қолжетімді. Мәселен, егер жалға беруден түсетін табыс айына 100 000 теңгені құраса, тиісінше, салық сомасы 1000 теңгені құрайды.

Егер сіз бірнеше пәтерді жалға берсеңіз және, мысалы, пәтерді жинау үшін жалдамалы жұмысшыларыңыз болса, онда сіз жеңілдетілген декларацияны қолдана аласыз. Бұл кезде салық мөлшерлемесі 3% құрайды, төлем жарты жылда бір рет табысты алу фактісі бойынша жүргізіледі.

2019 жылғы 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілген, оны дара кәсіпкер ретінде тіркелместен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар төлеуге құқығы бар. Мұндай жеке тұлғаларға тұрғын үйді жалға беретіндерді жатқызуға болады.

БЖТ төлеушілердің табыс көлемі 1 175 АЕК-тен аспауға тиіс екендігін есте сақтау керек.

2019 жылы бірыңғай жиынтық төлемнің ай сайынғы мөлшері:

Ø 1 АЕК - республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін (2 525 теңге);

Ø 0,5 АЕК - басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін (1 263 теңге) құрайды.

БЖТ-ді екінші деңгейлі банктер арқылы «Азаматтарға арналаған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының банк шотына төлеуге болады.

Егер ДК ретінде тіркелмей пәтерді жалға берсе, жалға беруден түскен табыс мүліктік табыс ретінде қарастырылады. Яғни, жылжымайтын мүлікті жалға беруден түскен қаражатқа ҚР Салық кодексімен «салық агенті» деп танылмайтын тұлғаларға жеке тұлға ретінде 10% мөлшерлемесі бойынша салық салынады. Бұл ретте мұндай жеке тұлғаларға мемлекеттік кірістер органдарына ЖТС бойынша декларацияны (240.00 нысаны) 31 наурызға дейін тапсырады және есептілік жылынан кейінгі жылдың 10 сәуіріне дейін салық төлейді.

Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті тұрғын үйді жалға беретін азаматтарды салықтық міндеттемелерін өз еркімен орындауға шақырады.