• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Маусым, 2019

Арыста 450 үй жөнделеді

470 рет
көрсетілді

Бұл туралы бүгін 29 маусымда Арыс қаласына барған облыс әкімі Болат Бақауов мәлімдеді.

Облыстық әкімдік мамандарынан құралған арнайы топ қала  ішін аралап көруде.  

Ал, жалпы  Арысты қалпына келтіруге еліміздің барлық өңірлерінен 160 құрылыс  бригадасы  келетіні де айтылуда.

Жедел іс-қимыл жоспары бойынша  павлодарлық құрылысшылар  450 үйді жөндеуден өткізіп береді.

Бір айдың  аралығында  жарылыс зардабы тиген үйлерді қайтадан қалпына келтіруге  барлық күш жұмсалмақ.

Бұған дейін өңірден  Арысқа 90 мың тонна  азық-түлік, киім-кешек, басқа  да тұрмыстық заттар жөнелтілген болатын. 

             Сонымен бірге,  мемлекеттік қызметкерлер бір күндік  жалақыларын арнайы есепшотқа аударған-ды.