• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Маусым, 2019

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

413 рет
көрсетілді

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың батысы мен шығысында құбылмалы ауа райы болады. Жаңбыр және найзағай болып, жел күшейеді, бұршақ, дауыл, солтүстігінде кей жерлерде тұман күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК xабарлады.

Қостанай, Жамбыл, күндіз Қызылорда облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл соғып, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейді. Қарағанды облысында кей жерлерде тұман, найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.  Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты  ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстарының  кей жерлерінде  жоғары өрт қауіпі сақталады.