Бақытжан Сағынтаев қалалықтарға арнаған видеоүндеуінде қала тұрғындары алдында Алматы әкімі ретіндегі жауапкершілігіне қатысты пікірін білдірді.
«Алматы – әрбір қазақстандық үшін айрықша қала және оны бәріміз жақсы көреміз. Менің басты міндетім – әрбір алматылықтың лайықты өмір сүруі үшін Алматыны қауіпсіз, жайлы, заманауи мегаполиске айналдыру. Сіздердің барлық ұсыныстарыңыз бен тілектеріңізге уақтылы үн қосу мен үшін аса маңызды. Мен қала проблемалары мен оны дамыту стратегиясын бірге әрі ашық талқылауды қалаймын. Қаланың миллиондаған тұрғындарының тағдырына қатысты шешімдерді жасау мен қабылдауда сіздердің қолдауларыңыз мен үшін аса маңызды. Сіздермен диалогқа дайынмын!» - деп атап өтті қала әкімі.