• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Шілде, 2019

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

654 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкіміне сәйкес Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Қаныбек Жұмашев тағайындалды.

Қаныбек Бекболатұлы 1970 жылы Маңғыстау облысының Жетібай ауылында туған. Білімі жоғары.

Еңбек жолын 1992 жылы «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамында  инженер-химик қызметінен бастады.

1997-2010 жылдары білім саласында басшы лауазымдарда қызмет атқарды және Маңғыстау облысы әкімінің әлеуметтік сұрақтар бойынша кеңесшісі болды.

2010-2012 жылдары  Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2012-2014 жылдары «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2014-2015 жылдары «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары, кейін «Нұр Отан» партиясы Төра­ғасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі.

2015 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Nur Otan» партиясының Хатшысы қызметін атқарып келді.

Маңғыстау облысы