• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Шілде, 2019

Алматы әкімі Қоғамдық кеңес жиынын өткізді

327 рет
көрсетілді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің алғашқы жұмыс күнін қаланың Қоғамдық кеңесімен кездесуден бастады, деп хабарлайды әкімдіктің қоғаммен байланыс қызметі.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, қаланың Қоғамдық кеңесі республикадағы ең белсендісі. Құрылған жылдардан бергі аралықта қала тіршілігіне қатысты ең өткір әрі барынша ауқымды мәселелерді шешуде орасан зор жұмыстар атқарылды. Экология, сәулет, көлік, ТҮКШ, қауіпсіздік, әлеуметтік инфрақұрылым және басқа бірқатар қала жобалары, оның ішінде Ботаника бағын, теміржол вокзалдарын, басқаларын реконструкциялау қоғамдық талқылауға арқау болған. Бұлардың барлығы әкімдік қабылдаған шешімдерде көрініс тапқаны белгілі.

Қала әкімі сонымен қатар Қоғамдық кеңестің заманауи жағдайдағы жаңа рөліне тоқталды.  «Сіздер үнемі халықпен біргесіздер. Сіздер қала тұрғындарының әлеуметтік көңіл күйлерін жете білесіздер. Азаматтар мен қоғамның негізгі талаптарын сезіне отырып, сіздер оларды мемлекет мүддесімен үндесуге, билік органдарының оларды шешуіне көмек бересіздер» деп атап өткен Бақытжан Сағынтаев азаматтармен ашық коммуникация өз жұмысындағы негізгі басымдықтардың бірі екендігіне тоқталды. Ашық диалогтар қаланы дамыту жоспарларымен бөлісуге, оларды талқылауға, сондай-ақ бірлескен күш-жігер қала тұрғындарының өмір деңгейінің сапасын арттыруға, инфрақұрылымдарды жақсарту бойынша барынша ұтымды шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар