• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 02 Шілде, 2019

Қазақстанға 2 кг жуық героин алып өтпек болған Тәжікстан азаматы ұсталды

368 рет
көрсетілді

Автокөліктің жанар жағар май ыдысындағы ақ түсті ұнтағы бар екі ораманы кеден бекетінің қызметкерлі мен қызметтік иті бар шекара наряды анықтады.

«Атамекен» кеден бекетінде Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына бағытталған 1967 жылы туған Тәжікстан азаматы басқарған ақ түсті «Nexia» маркалы жеңіл автокөлігі шекаралық және кедендік бақылау жүргізу үшін тексеріп қарау алаңына орналастырылады. 

Аталған жеңіл автокөлігіне «Атамекен» кеден бекетінің жауапты қызметкері бас маманы және қызметтік иті бар шекарашы тексеріп қарау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде, Ламар қызметтік иті «Nexia» маркалы жеңіл автокөлігінің жанар жағар май ыдысы орналасқан тұсынан күдік барын сездіру белгісін білдірді.

Бірлескен тексеру тобы май құю багінің тұсынан қосымша жалғанған ыдысқа ұқсас темір контейнер қорапты байқады. 

Аталған темір қораптың ішінен күдік туғызатын, шамамен салмағы 2 кг, екі орама табылады. Көлік жүргізушісі орамада ақ түсті ұнтақ «героин» екенін, Тәжікстан Республикасынан Шымкент қаласына жеткізу үшін тасымалға ақы алғанын  айтты. 

Қазіргі таңда анықталған жағдай бойынша барлық материалдар Мақтаарал аудандық Ішкі істер басқармасына жіберілді.