• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Шілде, 2019

Сенатор Ольга Перепечина «Парламентаризмді дамыту» ІІ халықаралық форумына қатысты

290 рет
көрсетілді

Сенат депутаты Ольга Перепечина 1-3 шілде аралығында Мәскеуде өтіп жатқан «Парламентаризмді дамыту» ІІ халықаралық форумының жұмысына қатысты. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Шараны өткізу туралы Ресей Мемлекеттік Думасы бастама көтерген болатын. Қатысушылар халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың, сандық экономиканы дамытудың, жастар мен экологиялық саясаттың өзекті мәселелерін талқылады. Форум аясында «Ресей-Африка» парламенттік конференциясының шаралары өтті.

Шараға 132 мемлекеттен келген 800-ге жуық парламентшілер мен сарапшылар, олардың ішінде ұлттық парламенттердің  41 төрағасы, сондай-ақ форумға 14 парламентаралық ұйымның делегациясы қатысты.